Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Маңғыстау облысында құны 97 млрд теңге болатын тоқыма фабрикасы салынады

Маңғыстау облысында құны 97 млрд теңге болатын тоқыма фабрикасы салынады
Маңғыстау облысы. 9 сәуір. 7kun.kz - Тоқыма фабрикасын салу жобасы бойынша 97 млрд теңге инвестицияланады. Жаңа кәсіпорын жылына 32,4 мың тонна иірілген жіп шығарады деп хабарлайды облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі.  6 сәуірде Маңғыстау облысының Ералы Тоғжановтың қатысуымен тоқыма зауытының құрылыс алаңында капсула салынды. Құрылыс кезеңінде 200 адам жұмыс істеп, пайдалану барысында 700 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Пайдалануға беру уақыты – 2019 жылдың мамыр айы. Қазақстандық және ішінара өзбекстандық шикізат қолданылып, дайын өнімді шет елдерге жеткізу жоспарланған. «South Caspian Operating Company»» ЖШС-мен бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру мақсатында жол картасы әзірленді. Соның аясында «Маңғыстау индустриялдық паркі» ЖШС маңындағы бос жатқан 30 га жер телімі қосымша бөлініп берілді. «Маңғыстау индустриялық паркінің аумағында тоқыма зауытының құрылысынан бөлек, тағы үш жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Жалпы 4 жоба бойынша инвестиция көлемі 360 млрд. теңгені құрайды,  жұмыс орындарының саны 895 адам. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының Индустриалды аймағында 2 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Аталмыш жобалар бойынша инвестиция көлемі 162,4 млрд теңгені құрайды, 210 жұмыс орны құрылатын болады. Құрылыс кезінде барлығы 1400 жұмыс орны құрылады, пайдалануға берілгеннен кейін 1105 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Облысымызға тартылатын инвестицияның жалпы сомасы 522,4 млрд теңгені құрайды», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.

Похожие материалы