Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

614
Маңғыстауда мұнай өңдеу зауыты салынуы мүмкін

Маңғыстау облысының әкімі Алик Айдарбаев аймақта мұнай өңдеу зауыты салынуы (МӨЗ) мүмкін екендігін мәлімдеді деп хабарлайды ҚазТАГ.

«Облыстың жартысына жуығы МӨЗ-дің бізде болғанын қалайды. Қоғамдық бірлестіктерді, мамандарды тартпақшы. Бұл «бәйгеге» бізде қатысамыз. Маңғыстаудың қандай кемшілігі бар? Әрине, біздің халық саны аз, басқа аймақтардан алыс жерде орналасқан, ал негізгі тұтынушы — оңтүстік пен орталық»,-деді А.Айдарбаев есеп беру кезінде.

«Бірақ жаңа МӨЗ экспортқа бағытталуы керек, бұл — біздің артықшылығымыз. Қазақстанда Маңғыстау облысынан артық жер жоқ эспорт үшін. Бұл жерде теңіз бар, біз порт, темір жол салып жатырмыз»,-деп атап өтті әкім.

Аймақ басшысының сөзінше, Маңғыстауда МӨЗ-дің салынуына қытай және иран жағы да мүдделі.  Осы арада, Айдарбаев МӨЗ-дің құрылысы үшін инвестициялық қаржыны пайдалану салу қажеттігін, қазір ешкім де бюджеттік ақшаға салмайтындығын атап өтті. Сондай-ақ, есеп беру кезінде әкім мұнай өндірудің 2014 жылы 2,5%-ға өскендігін хабарлады.