Маусымда қазақстандықтар 316 млн доллар айырбастаған

доллар
Фото: Gogol club

Алматы. 3 тамыз. 7kun.kz — 2017 жылдың маусымында халықтың айырбастау пунктерінен қолма-қол АҚШ долларын сатып алу деңгейі мамыр айымен салыстырғанда 9,8 пайызға кеміді. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

Сандық өрнекте бұл 316 млн долларды құрады.

Сонымен қатар, халықтың долларды сатып алуының таза мөлшері соңғы 11 жыл ішіндегі ең төменгі белгіні көрсетеді. Яғни, 2005-2015 жылдардың маусымында таза сатып алудың орташа деңгейі 771,6 млн доллар болды.

Одан бөлек, маусымда мамыр айымен салыстырғанда халықтың долларды қолма-қол сатып алуы кемуімен (1,9 пайызға) қатар, халықтың долларды жалпы сату деңгейі артқан (4,0 пайызға).

2017 жылдың басынан бастап халықтың долларды сатып алуының таза мөлшері 1444,6 млн долларды құрады. Ал 2016 жылдың қаңтар-маусымында таза мөлшер 759,8 млн доллар болған.