Медеу Ражанов «Көкшетау» МҰТП бас директоры болып тағайындалды

Астана. 26 ақпан. 7kun.kz — Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің бұйрығымен Медеу Ражанов «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің бас директоры лауазымына тағайындалды. Бұл туралы комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

М.Ражанов бұған дейін «Жасыл аймақ» республикалық мемлекеттік мекемесі бас директорының орынбасары қызметін атқарған.