Мемлекет әлеуметтік жалдамалы пәтерге 240 млрд теңге бөледі

67
Гидротехникалық
Фото: bnews.kz

Нұр-Сұлтан. 2 қыркүйек. 7kun.kz – Қазақстанда әлеуметтік жалдамалы тұрғын үйге 240 миллиардтан астам теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгінгі Парламент палаталарының бірлескен отырысында ҚР Президенті Қасыи-Жомарт Тоқаев хабарлады.

«Меншікке тұрғын үй сатып алу үшін табысы жоқ азаматтарға әлеуметтік жалға алу жағдайында тұруға мүмкіндік беру керек. Бұл мақсатқа 2022 жылға қарай мемлекет 240 миллиард теңгеден астам қаржы бөледі», — деді Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Үкіметке 5% мөлшеріндегі қосымша зейнетақы жарналарын енгізуді 2023 жылға дейін кейінге қалдыруды тапсырды.