Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беріле бастады

526
Мемлекеттік бағдарламамен жеңілдетілген автонесие беріле бастады

Қазақстандық банктер мен автоөндірушілер бірлесіп мемлекеттік жеңілдетілген несие бағдарламасын жүзеге асыруды бастады деп хабарлайды «Астана Моторс» ҚМК.

2015 жылдың 16 сәуірінен бастап «Астана Моторс» елдегі банктердің бірінің көмегімен Қазақстанда жиналған Hyundai модельдеріне деген өтініштерді қабылдай бастады. Компания келтірген деректерге сәйкес, жеңілдетілген несие бойынша орта есеппен көлік құнын 3,3 млн теңге деп есептегенде, мемлекеттен бөлінген 15 млрд теңге 4 800 көлікке жетеді екен. Көліктер екі-үш ай ішінде сатылып бітеді.

«Астана Моторс» өкілдерінің айтуынша, компания несие рәсімдеу барысында қосымша комиссия ұстамайды. Қажетті құжаттар тізімі — стандартты.

7kun.kz осыған дейін өз оқырмандарына жеңілдетілген несиемен берілетін қазақстандық жеңіл көліктерге, сондай-ақ жол талғамайтын көліктерге, кроссоверлерге және минивендерге арнайы шолу жасап, фоторепортаж ұсынған болатын. Аталған материалдар мемлекеттік бағдарлама аясында қандай көлік алуға болатындығы туралы ақпарат ұсынады.