Меценат 17 отбасыға 124 млн теңгеге жаңа үй салып берді

4569
отбасы

Алматы. 30 қыркүйек. 7kun.kz — 30 қыркүйекте Алматы облысы Шамалған ауылында әлеуметтік жағдайы төмен топтар санатындағы отбасылар мен мүгедек жандар жаңадан салынған жеке тұрғын үйлердің кілтіне ие болды. Бұл жеке тұрғын үйлерді меценаттар тұрмыс қажытқан отбасыларына жәрдем ретінде өз жеке қаржысына тұрғызған, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Шамалған ауылында орналасқан бұл 17 тұрғын үй құрылысына 124,5 миллион теңгеге жуық қаражат жұмсалған. Бұдан бөлек инженерлік жүйелермен қамтуға кеткен қаржының көлемі 35 миллион теңгеден асады. 2017 жылдың сәуір айында басталған құрылыс жұмыстары 5 айдың ішінде толығымен аяқталып, мұқтаж отбасыларға тапсырылды делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, орталықтандырылған газ, су жүйелеріне қосылып, электрмен қамтамасыз етілген әр үйдің аумағы 120 шаршы метрді құрайды.
Сонымен қатар, тұрғын үйлерге су жүйесін жүргізу барысында ауылдағы құрылысқа жақын орналасқан 75 үй де орталықтандырылған су жүйесіне меценат есебінен қосылған.

Жаңа үйлердің кілттерін тапсыру рәсіміне Алматы облысы әкімі Амандық Баталов және меценат, BN INVEST қаржы-өндірістік холдингінің президенті Болат Назарбаев қатысты.

Мейірхан Амангелдиев