Алматы. 14 ақпан. 7kun.kz — Microsoft компаниясы жеке деректерді сақтау мен қауіпсіздігін қорғау негізінде болашақта блокчейн технологиясын қолдану жоспарын жариялады, деп жазды delo.ua.
Microsoft компаниясындағы идентификация бағдарламаларына жауапты Алекс Симонс ұжымдық блогқа адамның жеке деректерін аутентификациялау (түпнұсқаландыру) мен қорғау механизмдері жайлы компанияның көзқарасын жазды.
Оның сөзінше, болашақта орталықсыздандырылған жүйелер болады, ал блокчейн осы жеке бас мәліметтерін адамдардың өздеріне тиесілі болуға көмектеседі.
Симонстың жазуынша, Microsoft-тағы деректердің қауіпсіздігін қарастыру барысында, маңызды жайттарды назарға алып, бірнеше тұжырымдарға келді.
Сонымен, пайдаланушы өзінің жеке деректеріне толық бақылау жасауы қажет. Бұл өте маңызды мәселе, себебі бүгінде мобильді қосымшалар өте көп, олардың әрқайсысы сіздің жеке деректеріңізді беруіңізді талап етеді, алайда оның қауіпсіздігіне кепілдік бермейді. Осы орайда барлық ақпараттық жүйелер хакерлердің шабуылына ұшырап, қосымшалардың бұзылуы жиі кездесіп жатады.
Осы мәселенің шешімін Microsoft компаниясы жекелей ID жасаудан көреді. Бұл формат бойынша жеке деректер әрбір сервисте емес, хаб пайдаланушылар идентификаторы деп аталатын жеке сервисте сақталады. Ал, бұл хаб-қа бөгде мобильді қосымшалар пайдаланушы рұқсат берген жағдайда ғана қол жеткізе алады. Бұл жағдайда, әр адам өзінің жеке деректеріне толық бақылау жасап, оларды тиімді басқара алады. Симонстың айтуынша, осы жүйе блокчейн технологиясы негізінде іске асырылады.
Мұндай ақпараттық жеке базаның нақтылығы мен сенімділігін қолданушылардың өздері қамтамасыз етеді.
Қания Табыс
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!