Алматы. 7 маусым. 7kun.kz - Microsoft NASDAQ биржасымен және Refinitiv қаржы деректерін жеткізушісімен биржадан және қаржы нарықтарынан Excel-де мәліметтерді өңдеу үшін келісім жасады. Енді пайдаланушылар кесте ұяшықтарындағы акциялар туралы деректерді пайдалана алады және оларды формулаларға енгізе алады.
Қол жетімді параметрлердің арасында — баға, 52-апталық минимум және максимум көрсеткіш, сандық және пайыздық қатынаста құнның өзгеруі, капиталдандыру және нақты уақытта жаңартылып отыратын басқа да индекстер бар.
"Акциялар" құралы биткоин бағамын, облигацияларды, валютаны, компания қызметі туралы ақпаратты, инвестициялық пай қорларын және басқа да индекстерді қолдайды.
Microsoft корпорациясы қаржылық ақпаратқа қолжетімділік оның қаржылық портфеліндегі өзгерістеріне жылдам ден қоюға мүмкіндік береді және жаңа бастаған инвесторлар үшін нарыққа кіруді жеңілдетеді деп санайды. Сондай-ақ, компания «Акциялармен» жұмыс істеу үшін оқыту үлгісін және қысқаша нұсқаулықты жариялады.
Айта кетейік, құрал барлық Office 365 пайдаланушыларына қол жетімді.
Похожие материалы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





