Microsoft Windows10 бағдарламасының смартфондарға арналған нұсқасын шығарды

449
Microsoft Windows10 бағдарламасының смартфондарға арналған

Microsoft компаниясы смартфондарға арналған Windows 10 платформасының алдын-ала техникалық нұсқасын шығарды. Бұл туралы  Microsoft-тың ресми блогы хабарлайды.

Windows 10  ресми түре жарыққа шығатын  уақыт әлі хабарланған жоқ, бірақ осы жылы жариялануы мүмкін. Бұған дейін қаңтар айында Microsoft жаңа жүйенің тестілеуге қатысушылардың ДК-ы мен планшеттеріне арналған екінші  нұсқасын шығарған еді.

Windows 10 платформасының мобильді нұсқасын тексеріп көру үшін, алдымен Windows Phone Store дүкенінен Windows Insider қосымшасын жүктеп алу қажет. Осыдан кейін тұтынушы тестілеуге арналған нұсқаларын қолданып көре алады, бірақ смартфонда орнатылған бағдарламасына қайта оралуға мүмкіндігі бар.

Жаңа жүйеде  интерактивті хабарландырулар орнатылған. Мысалы, арнайы бағдарламаға өтпестен, хабарландыру арқылы келіп тұрған смс-ке жауап беруге болады. Сондай-ақ Microsoft дауысты тану және автоматты түрде пунктуация қою баптауларының сапасын жақсартуға да уәде береді.

Дегенмен де тестілеу нұсқасын орнату кезінде  орын алуы мүмкін бірнеше проблемалардың бар екендігін ескертті.  VPN-ге кіруге рұқсат жоқ, қосымша пернетақталар жоғалып кеткен, бастапқы экрандағы Cortana тақтайшаларының жоқ екендігі және басқалар.  Аталған кемшіліктердің кейбірі үшін Microsoft  шешім ұсынып үлгерді.

Windows 10 бағдарламасының тестілеуге арналған нұсқасы алдын-ала Windows Phone 8.1. орнатылған Lumia 630, 635, 636, 638, 730 және 830 смартфондары үшін қолжетімді. Оны орнату үшін қосымша 8 гигабайттық жад қажет.