Министр: Біз болашақта қай мамандықтарға сұраныс барын және қай мамандықтар нарықтан тысқары қалатынын білуіміз керек

263
министр
Фото: Kapital.kz

Алматы. 16 сәуір. 7kun.kz — Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мәдина Әбілқасымова Атырау облысының жастарымен кездесуінде еңбек нарығының инфрақұрылымын жаңғырту және техникалық мамандықтарды дайындау туралы айтты деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. 

Министрдің айтуынша, жаңа технологияларды енгізу нәтижесінде әлемдік еңбек нарығында айтарлықтай өзгерістер болуда.

2035 жылға қарай өндірістік процестердің 1/3 бөлігі автоматтандырылады деп күтілуде. Бұл жұмыс орындарының 3/4-не айтарлықтай ықпал етеді.

«Бүгінде болашақ экономикаға болжам жасау күрделі, ол еңбек нарығына қандай әсер етеді? Сондықтан, экономиканың жаңа қырларын ескере отырып, өндірістің алдағы дамуы мен қандай мамандықтарға сұраныс көптігін болжау қажет. Біз болашақта қай мамандықтарға сұраныс барын және қай мамандықтар нарықтан тысқары қалып қоятындығын білуіміз керек», — деді министр Мәдина Әбілқасымова.

Осының негізде 2030 жылға дейін жаңа мамандықтардың Атласы жасалады, ол жастар үшін білім беру мазмұнын жаңартуға жоспарланған навигатор болады.