Moody’s ресейлік 13 аймақ пен қаланың рейтингін төмендетті

414
Moody's ресейлік 13 аймақ пен қаланың рейтингін төмендетті

Халықаралық Moody’s рейтинг агенттігі мемлекеттік облигацияларының көрсеткіштері құлдырауына байланысты ресейлік 13 аймақ пен қаланың рейтингін төмендетті деп хабарлайды ВВС.

Мәскеу, Санкт-Петербург, Волгоград, Ханты-Мансийский автономиялы округтары мен Коми Республикасы, Красодар аймағы мен Краснодардың өзінің, Мордовия және Белгород, Вологодск, Нижегородск пен Самарск облыстарының рейтингтері «негативті» деген деңгейге жетті. Ал Мәскеу облысы мен Чувашияның, Омбы облысы мен Омбы қаласының көрсеткіштері тұрақты күйінде қалды.

Осыған дейін S&P агенттігі ресейлік рейтингті 2005 жылдан бері алғаш рет «ВВ+» деңгейіне дейін түсірген еді. Ал өткен аптада Moody’s Ресейдің мемлекеттік облигациялар рейтингін Ваа3 көрсеткішінен  негативті болжаммен Ва1 деңгейіне төмендетті. Осы арқылы ресейлік облигациялар инвестицияға жарамайтын «қоқыс» зонасына түсті.

Moody’s болжамынша, 2015 жылы ресейлік экономикасында кері шегінушілік орын алып, экономикалық құлдырау 2016 жылы да жалғасады.

Әзірге, ресейлік облигациялар инвестициялық аймақта ұстап тұрған — Fitch агенттігі. Алайда оның өзі қаңтардың онында Ресейлік рейтингті «ВВВ» деңгейінен «ВВВ-» көрсеткішіне дейін төмендетіп, ресейлік құнды қағаздарды «қоқыстық» аймаққа дейінгі бір сатыға дейін түсірді.