Мұхит Әзірбаев Алматы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

Фото: almaty.gov.kz

Алматы. 8 сәуір. 7kun.kz — Мұхит Әзірбаев Алматы қаласында туылған. Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің түлегі.

Түрлі жылдары «Қуат-Агро» агрохолдингтік компанияның бас директоры, «Global Building Contract» ЖШС Қадағалау кеңесінің төрағасы болған, «АБН АМРО Банк» және «Казкоммерцбанк» АҚ лауазымды қызметтер атқарған.

2017 жылы «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация басқармасының төрағасы болды. Қазірге дейін қалалық Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының басшысы қызметін атқарды.