Мұнай бағасы қымбаттады

120
бағасы
Фото: novosti.az

Алматы. 6 желтоқсан. 7kun.kz — Лондон және Нью-Йорк шикізат биржаларындағы сейсенбі күнгі сауда-саттықта мұнай бағасы көтеріліп, қара алтын бағасы қымбаттады.

Лондонның ICE Futures биржасында ақпан айында жеткізілетін Brent маркалы мұнай фьючерстері 0,41 долларға қымбаттап, бір баррель мұнайдың бағасы 62,86 долларды құрады.

Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) WTI маркалы мұнайдың қаңтар айында жеткізілетін фьючерстері 0,15 долларға қымбаттап, бір баррельдің бағасы 57,62 доллар болды.