Мұнайдың көлеңкелі айналымы тыйылмай тұр

102
айналымынан
Фото: finance.sina.com.cn

Алматы. 29 тамыз. 7kun.kz – Қостанай облысында мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан 30 тоннаға жуық мұнай тәркіленді, деп хабарлайды Қостанай облыстық мемлекеттік кірістер департаменті.

Қостанай облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің экономикалық тергеу қызметінде мәлім етілгендей, облыс аумағынан мұнай өнімдерін қайта өңдейтін жерасты жасырын цехы табылды.

«Мұнай өнімдерінің заңсыз айналымынан құны 4 млн теңгеден астам сомаға 30 тоннаға тең мұнай тәркіленді», — делінген ведомствоның хабарламасында.