«Нұр Отан» комиссиясының құрамына журналистер енгізіледі

788

«Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыруды қадағалау бойынша партиялық комиссиялар құрамына БАҚ өкілдері кіретін болады. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратының басшысы Жанат Қожахметов мәлімдеді деп хабарлайды Қазақпарат. 

Оның сөзінше, «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру үшін бөлінген қаржының тиімді жұмсалуын қадағалап отыру үшін арнайы шаралар қабылдануда. Жекелей алғанда, Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар фракцияларында 4 комиссия құрылады. Агроөндіріс кешен саласында тағы бір комиссия құрылады. Ол топтардың құрамына депутаттардан бөлек БАҚ өкілдері, блогерлер, қоғамдық бірлестік лидерлері және жергілікті тұрғындар кіреді. Комиссиялар тұрақты негізде жұмыс істеп, орталық мемлекеттік органдармен талқылау жүргізу үшін обьектілерге іс-сапарға барады.