Нұрлан Смағұлов Шымкенттегі MEGA сауда орталығын сатты

539

Нұрлан Смағұлов Шымкенттегі MEGA сауда орталығын сатып жіберді. Бұл туралы өзінің дереккөзіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлайды.

«Нұрлан Смағұлов Шымкенттегі MEGA-ның 100 пайызын жергілікті инвесторларға сатып жіберді», — деп хабарлады агенттік дереккөзі құпиялылық шарты бойынша. Оның сөзінше, келісім-шарт құны 40 млн доллардан аз емес.

«Ақтөбедегі MEGA сауда орталығы да ұсыныстар үшін ашық. Бұл қандай-да бір әкімшілік істерге байланысты деп ойламаймын. Тек топтың Қазақстандағы іскерлік белсенділігінің төмендеуіне байланысты, қарыздық салмағы артып кетті», — деп атап өтті ол.

Қазақстандағы іскерік басылымдардың сөзінше, MEGA жүйелерін дамытуға қажетті несиелік қаржы негізінен Халық банкінен алынған. 2014 жылдың қазанында Astana Group басшысы мемлекеттен Ақтөбе мен Шымкенттегі сауда орталықтарын қолдау туралы өтінген еді. Н.Смағұловтың сөзінше, орталықтар 15-17 жылдан кейін өз-өзін ақтай бастайды.

MEGA сауда орталықтары желісінің баспасөз-қызметі 2012-2013 жылдары компаияның банк несиелері бойынша пайыздық бәстерді азайту үшін 3,1 млрд теңге көлемінде мемлекеттік субсидия алғандығын растады. Сауда орталықтары құрылған уақыттан бастап мемлекет бюджетіне 6,2 млрд теңге көлемінде салық төлеп, 10 мыңнан астам жұмыс орындары пайда болған.

Осыған дейін, 2014 жылы Н.Смағұловқа тиесілі Astana Group өзінің таза табысы  30 млн доллар құрайтын ауыл шаруашылық «Дән индустриясы» бөлімшесін сатып жіберген еді. Қазір Astana Group  құрамына Astana Motors және MEGA Development бөлімдері кіреді.