Нұрсұлтан Назарбаев Польша Республикасының Президенті Анджей Дудамен кездесті

Анджей

Алматы. 19 қаңтар. 7kun.kz – Мемлекет басшысы әңгімелесу барысында Анджей Дуданы Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтады.

«Бүгінгі кездесу қарым-қатынастарымызды талқылау үшін бізге зор мүмкіндік береді. Польшаның Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің 2018-2019 жылдардағы тұрақты емес мүшесі ретіндегі қызметінің басталуымен құттықтаймын», – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Польшаның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жұмысындағы ұстанымдарының ұқсастығын атап өтті.

«Біздің ой-пікіріміз бен Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесіндегі жұмыс бағытымыздың ұқсас екеніне қуаныштымын. Менің Варшаваға сапарым және Сіздің өткен жылғы Астанаға сапарыңыз әлі есімде. Мұндай кездесулер бізді әрі елдерімізді жақындата түседі», – деді Қазақстан Президенті.

А.Дуда кездескеніне және екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылау мүмкіндігі болғанына ризашылық білдірді.