Назарбаев Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетіреске алаңдаушылық білдірді

Назарбаев
Фото: tengrinews.kz

Алматы. 30 тамыз. 7kun.kz — Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев екі ядролық мемлекет — Ресей мен АҚШ арасындағы санкциялық текетіреске қатысты алаңдаушылық білдірді. Бұл туралы Назарбаев уран банкінің ашылу салтанатында айтты.

«Біз бүгінде АҚШ пен Ресейдің санкцияны қатаңдату мәселесіне алаңдап отырмыз. Бұл екі жетекші ядролық мемлекеттер арасындағы шиеленісті арттырып отыр. Сондықтан бұл алаңдаушылық туғызбай қоймайды«, — деді Қазақстан Президенті.

Еске салсақ, бұған дейін АҚШ президенті Ресейге қарсы ең қатаң санкциялар туралы заңға қол қойғанын хабарлағанбыз. Осы тұрғыда Нұрсұлтан Назарбаев санкциялардың Қазақстанға да әсер етуі мүмкін екенін айтқан.

Құжат бойынша, америкалық компаниялар мен жеке тұлғалар санкцияға кіретін ресейлік банктермен келісімшарт жасаса алмайды. Сонымен қатар, санкциялар энергетикалық секторды да қамтып отыр.