Алматы. 10 қараша. 7kun.kz - Қазақстан мен Ресей Челябі форумында 10 құжатқа қол қойды. Назарбаев пен Путин Ломоносов атындағы ММУ филиалын Қазақстанда ашу туралы үкіметаралық келісімге келді.
«Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде ресейлік жоғары оқу орындары филиалдарын ашуды қарастыру керек», - деді ҚР Президенті.
Оның айтуынша, екі елге «халықаралық білім хабын» құру қажет.
Н.Назарбаев энергетика, ғарыш және биоақпараттық технологиялар ғалымдарының консорциумын құруды ұсынды. Сонымен қатар, математика, химия, физика және биология пәндерінен ресейлік және қазақстандық оқушылардың бірлескен олимпиадасын ұйымдастыру туралы айтты.
«Ол үшін (қажет болса) екі елдің білім беру саласындағы бағдарламаларын пысықтау керек», - деді Қазақстан президенті.
Мейірім Бақытжанова
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024