Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Назарбаев: Жастардың тұрғын үйге тезірек қол жетуі үшін «7-20-25» деген бағдарламаны ұсынамын

Назарбаев: Жастардың тұрғын үйге тезірек қол жетуі үшін «7-20-25» деген бағдарламаны ұсынамын

Алматы. 5 наурыз. 7kun.kz - Президент Нұрсұлтан Назарбаев Парламенттің қос палатасының біріккен отырысында қазақстандықтардың пәтерге қол жетімдігін арттыратын «7-20-25» бағдарламасы жүзеге асатынын айтты.

«Бірінші бастама. Бұл – әрбір отбасыға үй алуға жағдай жасау. Біз соңғы жылдары азаматтарымыздың үй алуын мүмкіндігін кеңейту үшін көп жұмыс істедік. Өткен жылы ауданы 11,2 млн шаршы метр болатын тұрғын үй салынды. Бұл бұрын болмаған рекордтық көрсеткіш. Алайда бұл атқарылған жұмыстар жеткіліксіз. Әлі күнге дейін көптеген отбасыларда өзінің үйі жоқ. Бұл әлеуметтік маңызы бар проблеманың бірі. Біз ипотекаға қолжетімділікті арттырып, осы мәселені шешу үшін барлық жағдайды жасау керек», - деді мемлекет басшысы.

Қазақстандықтардың барлығы пәтермен қамтылуы керек екенін айтты.

"Әрбір жұмыс істеуші азамат пәтер сатып алу үшін тиісті тетіктерді қарастыруымыз керек. Ол алған қарызын отбасылық бюджеттің мүмкіндігін қарастырып төлеп отыруы қажет. Сондықтан мен «7-20-25» бағдарламасын іске қосуды ұсынамын. Яғни бір жұмыс істеп отырған қазақстандық ипотекаға үй алып, келесі талаптар бойынша үй алатын болады. Ипотекалық несиенің жылдық мөлшері 14-16 пайыз емес, 7 пайызды құрайды.Егер қазіргі таңда банктер ипотекалық несиенің міндетті бастапқы жарна 30 пайыз, кейде 50 пайыз талап етсе, енді міндетті алғашқы жарна 20 пайыздан аспауы керек. Ал ипотека 10-15 жылға емес, 25 жылға берілуі керек. Бұл азаматтар төлейтін ай сайынғы ақшаның мөлшерін азайтады",-деді Назарбаев.

Похожие материалы