Өндірістік нысандарда қауіпсіздік талабын бұзғандарға 34 млн теңге айыппұл салынды

282
қауіпсіздік
http://metalmininginfo.kz/

Алматы. 25 мамыр. 7kun.kz — Инвестициялар және даму министрлігінің Медиа-орталығында «Қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздіктің жағдайы, авария салдарынан туындаған оқыс оқиғалардың себептерін және мән-жайларын талдау. Қауіпті өндірістік нысандардағы аварияларды ескерту және ликвидациялау» тақырыбында баспасөз-конференция өтті.

Оған Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Нығметжан Мақажанов және «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК Тау-кен және көмір саласындағы жедел-алдын алу жұмысы басқармасының басшысы Ерлан Жарқынбеков қатысты.

Брифинг барысында спикерлер қауіпті өндірістік нысандардағы өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмысы туралы баяндады.

«Біздің жұмысымыздың басты көрсеткіші — өндірістік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз ету. Биыл жыл басынан бері тексерістер кестесіне сәйкес 3810 қауіпті өндірістік нысандарға 308 тексеріс жүргізілді»,-деді Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары Н.Мақажанов.

Тексеріс барысында 11193 өнеркәсіптік қауіпсіздік талабы бұзылғаны анықталды. 160 нысан жұмысын тоқтатты. 34 млн теңгені құрайтын 433 айыппұл салынды.

Атап өтетін жайт, қауіпті өндірістік нысандардағы апаттардың басым көпшілігін  «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметі» ШЖҚ РМК жойды.