Өндіруші кәсіпорындар бағасы 9,4%-ға жоғарылады

өндіруші
Фото: cashadvancewiki.com

Алматы. 2 тамыз. 7kun.kz – 2018 жылғы қаңтар-шілдеде өндіруші кәсіпорындар бағасы 9,4%-ға жоғарылады, деп хабарлайды Статистика комитеті.

Бағаның кен өндіру өнеркәсібінде — 13%, өңдеу өнеркәсібінде 5,6%-ға жоғарылауы байқалды. Өнеркәсіптік өнім — 9,7%, өнеркәсіптік сипаттағы қызметтер 6%-ға қымбаттады.

Жыл басынан бергі кезеңде өндіруші кәсіпорындар бағасы мұнайға — 14,7%, мазутқа — 11,3%, табиғи газға — 5,9%, көмірге — 4,7%, металл кендеріне — 4,2%, сұйытылған пропан және бутанға 3,2%-ға жоғарылады, бензинге 1,7%-ға төмендеді.

Бағаның ферроқорытпаларға — 16,7%, қара металдар илегіне — 11,2%, алюминийге 9,2%, қорғасынға 4%, мысқа 3,6%-ға жоғарылауы, олардың мырышқа 3,5%-ға төмендеуі тіркелді.

Өндірушілер бағасының күрішке — 9%, қантқа — 5,3%, өсімдік майына — 3,7%, шайға — 3,4%, қара бидай ұнына — 1,9%, мал етіне — 1,3%, балыққа — 1%, нанға 0,4%-ға жоғарылауы, олардың бидай ұнына — 2,5%, жармаларға — 2,4%, құс етіне 1,6%-ға, сүт өнімдеріне және макарон өнімдеріне 1,4%-дан төмендеуі байқалды.