Алматы. 7 ақпан. 7 kun.kz – Филиппин президенті Родриго Дутерте жемқорлықпен күрес мақсатында елге заңсыз кіргізілген ондаған люкс санатындағы автомобильдерді бульдозермен таптатып тастады, деп хабарлайды Reuters.
Жалпы құны 1,2 млн долларды құрайтын барлығы 20 көлік жойылған. Кейбіреуінің құны 100 мың доллардан асады. Мемлекет басшысы жемқорлық қылмыспен күрестің осындай жолын таңдаған.
«Шенеуніктер ондай көлікке мінбеуі керек. Машиналарды металлға өткізіп, ойыншық жасап шығарыңдар»,- деген мәлімдеме жасады Дутерте.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!