Экономика
Доллар курсы 332,4 теңге болды
10 маусымдағы валюта биржасындағы таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа курсы 332,4 теңгені құрады. Бұл 9 маусымдағы таңғы сессия қорытындысына қарағанда 2,52 теңге артық.
Жұмадағы таңғы сессия қорытындысы бойынша сауда көлемі - 33,1 млн доллар. Аталған көрсеткіш бейсенбідегі таңғы сауда нәтижесіне қарағанда 30,4 млн доллар төмен.
Апта басынан бері жалғасып келе жатқан теңгенің нығаю тенденциясына мұнай баға белгіленімінің төмендеуі себеп болды. Астана уақыты бойынша 11:08-де Brent маркасы барреліне 51,52 доллардан саудаланып, сауда басынан бері 2%-ға азайды.