Экономика
Авто
1 мамырдан бастап Банк Астананың қарапайым акциялары KASE-нің жоғары санат тізімінен алынады
Алматы. 28 сәуір. 7kun.kz - KASE-нің индекстер мен бағалы қағаздарды бағалау жөніндегі Комитеті 2018 жылдың 1 мамырынан бастап Индексінен «Банк Астана» АҚ KZ1C56630011 (KZ1C00001023, ABBN) қарапайым акцияларын жоғары санатты тізімнен шығарып тастау туралы шешім қабылдады. Шешім қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес жасалған.
Комитет акция эмитентінің қаржылық жағдайы бірден нашарлаған жағдайда мұндай шешім қабылдай алады, дейді KASE вице-президенті Андрей Цалюк.
«Банк Астана» АҚ қаржылық жағдайы күрт нашарлады деп шешім қабылдауға Fitch Ratings және S&P Global Ratings агенттіктерінің банк рейтингін төмендетуі және банктің Ұлттық банкке жедел қысқамерзімді төлем қабілетіне көмек сұрауы негіз болған.
Айта кетейік, өткен аптада ҚР Президенті Банк Астанамен қатар тағы екі банк көрсеткіштерінің нашар екенін, бірақ мемлекет көмек көрсетпейтінін айтқан еді. Банк Астана бұдан кейін клиенттер мен серіктестер алдында міндеттемесін орындауға дайын екенін хабарлады.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024