Алматы. 13 қыркүйек. 7kun.kz — 2017 жылғы 1 жартыжылдықта электронды ақшамен жасалған операциялардың саны 2,7 есе, көлемі 3,4 есе өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.
«Бүгінгі күні барлық банктерде "Интернет банкинг" жүйесі енгізілді. Жұмыс істеп тұрған 33 банктің ішінде 18 банк мобильді банкинг қызметтерін ұсынады, олар жеке тұлғалардың бүкіл клиенттік базасының 75 пайызын қамтиды. Сонымен қатар 1 миллионға жуық жеке тұлғалар банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланады. Сондай-ақ заңды тұлғалардың барлық төлемдерінің 70 пайызынан астамы және жеке тұлғалардың барлық төлемдерінің 50 пайызы қашықтан арналар арқылы жүргізіледі. Төлем карточкаларымен қолма-қол емес төлемдердің өсуі 2017 жылдың бірінші жарты жылында ұқсас мерзіммен салыстырғанда 70 пайызды құрады», - деді Д. Ақышев.
Айгүл Хожантаева
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024