1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні. Бұл мереке биылғы жылдан бастап бірінші рет тойланып отыр.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы кәсiптiк және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Жарлығына сәйкес, 1 наурыз - Қазақстанда Алғыс айту күні бекітілді.
Айта кетейік, 2015 жылдың 23 сәуірінде Қазақстан халқы Ассамблеяның жиырма жылдығын мерекелеу аясында Мемлекет басшысы бұл күнді мемлекет территориясында өмір сүріп жатқан этностардың бір-біріне және қазақтарға алғыс білдіре алатын күні деп жариялауды ұсынды.
Бұл күні еліміздің барлық облыстары мен түпкір-түпкірінде көптеген шаралар ұйымдастыру көзделіп отыр. Елімізде алғаш рет аталып өткелі отырған мереке көпұлтты қазақ елінің ынтымағын арттырып, мемлекетімізді құрметтеуге серпін береді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024