Алматы. 27 қаңтар. 7kun.kz - Алматы қаласында 2016 жылдың 1 наурызынан бастап оқушылар, зейнеткерлер, студенттер және көп балалы ата аналар үшін жол жүру билеті қайтадан енгізілетін болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"2015 жылдың 22 қаңтарында өткен Алматы қаласындағы "Нұр Отан" партиясы фракциясы филиалының отырысында қала әкімдігіне жеңілдік категориясындағы жолаушылар үшін жол жүру билетін қалпына келтіру және халықтың әлеуметтік әлсіз тобы үшін тегін жол жүру жүйесін енгізу туралы мәселе ұсынылды. Яғни көзі көрмейтіндер, 18 жасқа толмаған мүгедек балалар, 1 және 2 топтағы мүгедектер, ҰОС қатысушылар мен соғысқа қатысқан мүгедектер үшін тегін жол жүру жүйесін және көп балалы аналарға 50% жеңілдік (18 жасқа толмаған 4 баласы барлар үшін) қарастыру айтылды", - деді Алматы қаласы жолаушылар тасымалы басқармасының жетекшісі Дәурен Әлімбеков қала маслихатының 50-ші сессиясында.
Оның айтуынша, 2016 жылдың 1 наурызынан бастап жоғарыда аталған жеңілдіктермен қоса, оқушыларға — 1000 теңге, зейнеткерлер мен көп балалы аналарға — 2000 теңге, студенттерге - 3000 теңге тұратын жол жүру билеттерін енгізу ұсынылып отыр.
Ал маслихат депутатары жол жүру билетін қалпына келтіруді бір ауыздан қолдады.
Айта кетейік, 26 қаңтар күні Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек егер депутаттар қолдап жатса оқушыларға, студентерге зейнеткерлерге және көп балалы аналарға арналған қоғамдық көліктердегі жол жүру билеті қайта қалпына келтірілетінін айтқан болатын.
Фото: market.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024