Алматы. 26 наурыз. 7kun.kz – Ұлттық Банк отандық автокөлік сатып алушыларын кредиттеу бағдарламасын іске асыруға 5 жыл ішінде 100 млрд теңгеге дейін қаржы бағыттайды.
Үкімет отырысы барысында Досаев үкіметпен 2019 жылға арналған макроэкономикалық саясат шараларын үйлестіру туралы келісімді таныстырды, онда 10 негізгі міндет айқындалды. Ол оның аясында қандай негізгі жұмыс атқаратынын түсіндірді.
«Бірінші, теңдестірілген салық-бюджет саясаты. Екінші, тиімді ақша-кредит саясатын және инфляцияны бақылау жөніндегі шараларды жүргізу жөніндегі міндетті іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі төмен инфляцияны қолдауға басымдық бере отырып инфляциялық таргеттеу режимін, сондай-ақ елдің экономикалық дамуының орнықтылығын және халықтың өмір сүру деңгейінің өсуін сақтайды», - деп түсіндірді Е. Досаев.
Ол 2021 жылға дейін 4-6% дәлізін сақтау, ал 2022 жылдан бастап оны 3-5%-ға дейін төмендету және ұзақ мерзімді перспективада қолдау ұсынылатынын қоса айтты.
«Қазақстан Ұлттық Банкі нақты көрсетуде 3 - 3,5% шегінде оң болатын, базалық мөлшерлеменің деңгейін ұстап тұруға ұмтылатын болады. Инфляцияның белгіленген нысаналы дәліздің шегінен шығу тәуекелдері күшейген кезде ақша-кредит саясаты қатаңдатылуы мүмкін», - деді Е. Досаев.
Үшінші, валюта нарығының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Қазақстан Ұлттық Банкі валюталық сауда-саттыққа араласпау саясатын сақтай отырып, икемді өктемділік жасау құқығын өзіне қалдырады.
Төртінші, экономиканы қорландыру қолжетімділігі міндетін іске асыру шеңберінде институционалдық инвесторлар нарығын, жедел және жинақ депозиттерін дамытуға баса назар аударылатын болады. Баға белгілеудің тиімділігін арттыру үшін банкаралық нарықта және бағалы қағаздар нарығында нарықтық индекстер мен индикаторларды қалыптастыру қамтамасыз етіледі.
Бесінші, мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту. Ұлттық Банк қысқа мерзімді тәуекелсіз кірістілік қисығын құруды қамтамасыз етеді.
«Қаржы министрлігінен кірістілік қисығының орта- және ұзақ мерзімді сегменттерін құру үшін өзінің бағалы қағаздарының шығарылымдарын қысқартуды және ірілеуді қамтамасыз етуді сұраймыз. Дамушы елдердің халықаралық жаһандық индекстеріне қосу бойынша жұмыс жүргізілетін болады, бұл шетелдік инвестициялардың қосымша ағынын тартуға және өзара қарыз алу құнын төмендетуге мүмкіндік береді», - деп түсініктеме берді Е. Досаев.
Алтыншы, экономиканы дамытуды қаржылық қолдау бағдарламасы.
«Атап айтқанда, Қазақстан Ұлттық Банкі «7-20-25» бағдарламасы бойынша бағдарламаны бұрын бекітілген талаптармен қаржыландыруын жалғастырады. Қарыз алушыларға 20%-дан астам бастапқы жарна енгізу мүмкіндігін беру және бағдарламаға қатысушы банктердің санын кеңейту ұсынылады. Ағымдағы уақытта 9банк кредиттеу бағдарламасына қатысады, 112,7 млрд теңге сомаға үш банктің облигациялары сатып алынды. Ұлттық Банк отандық автокөлік сатып алушыларын кредиттеу бағдарламасын іске асыруға 5 жыл ішінде 100 млрд теңгеге дейін қаржы бағыттайды. Биыл 20 млрд теңге бөлінетін болады», - деді Е. Досаев.
Жетінші, нақты сектор кәсіпорындарын қалыпқа келтіру. Жоғары сот органдарымен банкроттық саласындағы құқық қолдану тәжірибесін пысықтау бойынша жұмыс жалғастырылады.
Сегізінші, қаржы жүйесінің тұрақтылығы. Банк жүйесін нығайту жөніндегі жұмыс жалғасады.
«Тәуекелге бағдарланған қадағалауды іске асыру оның ішінде активтердің сапасына жоспарланып отырған бағалау жүргізуге байланысты болады. Ол AQR (Asset Quality Review) жеткіліксіз капиталы бар банктерді анықтауға және бастапқы кезеңде алдын алу шараларын жүргізуге көмектеседі» - деп түсініктеме берді Е. Досаев.
Тоғызыншы, көлеңкелі экономиканы төмендету және қолма-қол ақшасыз төлемдерді дамыту үшін қолма-қол ақшасыз төлемдер инфрақұрылымының қолжетімділігін арттыру және жетілдіру бойынша іс-шаралар жалғастырылатын болады, сондай-ақ ірі мәмілелер бойынша есеп айырысуларды қолма-қол ақшасыз нысанға аудару шаралары қабылданады деп атап өтті.
Оныншы, қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және олардың қаржылық сауаттылығын арттыру.
«Тұтынушылық кредиттеу саласында халық үшін тәуекелдердің күшеюі аясында банктік емес кредиттік ұйымдарды, онлайн-кредиттеу компанияларын, ломбардтарды реттеу бойынша ұсыныстар қарастырылатын болады. Шарттар талаптарының айқындылығы, сондай-ақ тұтынушылардың, әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтарының құқықтарын қорғау бойынша талаптар күшейтіледі», - деп қорытындылады ол.
Сөзін қорытындылай келе Е. Досаев жоғарыда аталған шараларды іске асыру үшін Қазақстан Ұлттық Банкі Үкіметке заңнамалық өзгерістерді, оның ішінде Ұлттық Банктің мандатын кеңейтуді көздейтін өзгерістерді енгізу бойынша тиісті ұсыныспен шығатынын айтты.
Тэги:
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024