Алматы. 14 қаңтар. 7kun.kz – ҚР Ұлттық банкі базалық ставканы 9,25% деңгейінде, +/-1% пайыздық ставка дәлізімен қалдыруға шешім қабылдады.
Өтімділікті беру және алу операциялары бойынша ставка да 10,25% және 8,25% деңгейінде өзгеріссіз қалды. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдерімен кездесуінде мәлімдеді. Оның айтуынша, қайта қаржыландырудың ресми ставкасы да 9,25% шамасын сақтап қалады. "Осы шешімді қабылдау кезінде жылдық инфляцияның фактілік деңгейі, оның ағымдағы жылға жасалған болжамдар мәніне және бағалануына, сондай-ақ халықтың инфляциялық күтуінің төмендеуі назарға алынды", - деді Д. Ақышев. Ұлттық банк төрағасы жылдық инфляцияның мақсатты бағдарларға сәйкес келетін деңгейде қалыптасуы жалғасып жатқанын айтты. Оның сөзінше, базалық ставканың ағымдағы деңгейі елеулі шоктар болмағанда 2019 жыл соңындағы жаңа 4-6% дәліздің ішінде инфляция қалыптасуын қамтамасыз етеді. Базалық ставка бойынша келесі шешім 2019 жылы 4 наурызда хабарланады.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024