Алматы. 12 желтоқсан. 7kun.kz – Қазақстанның Ішкі істер министрлігі 2018 жылы екі азаматтығы бар 15 мың қазақстандықты анықтады.
Қалмұханбет Қасымовтың хабарлауынша, елімізде қос азаматтыққа тыйым салынған. Екі елдің азаматы болып табылатындардың көбі Ресей азаматтығын алған қазақстандықтар. Олар екі мемлекеттен де зейнетақы алу үшін осындай әрекетке барған.
Әдетте, екі азаматтығы бар қазақстандықтар мемлекеттік қызмет алу үшін ғана Отанына оралады екен.
"Біз мұны шекара қызметі арқылы, әлеуметтік қамтамасыз ету арқылы анықтаймыз. Қазір біз Ресеймен келісімге келдік, сұраулар бойынша олар бізге жауап береді. Барлығы автоматты түрде болу үшін біз Тәжікстанмен қол қойған келісімдер қажет. Сондықтан біз тағы 12 келісімді дайындаймыз және олар бізге хабарлайтын болады. Негізінен ТМД елдері", — деді ІІМ басшысы.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024