Алматы. 18 шілде. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың қаңтар-мамыр айларында Қазақстаннан басқа елдерге 15 мың 424 адам кетті, деп хабарлады ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика жөніндегі комитеті.
Ұсынылған ақпаратқа сәйкес, ҚР-нан кеткендердің жалпы санынан ТМД елдеріне 13 808 адам (2018 жылдың қаңтар – мамыр айларында 12 874 адам), басқа елдерге - 1 616 адам (1 441 адам) кетті. Жекелеген этникалық топтар бойынша сыртқы көші-қон қаңтар-мамырда мынадай болды: орыстар – елден кеткендердің жалпы санынан 71,8%-ын (2018 жылдың ұқсас кезеңінде 71,3%), немістер – 7%-ын (8%), украиндар – 6,6%-ын (6,6%), қазақтар – 5,1%-ын (4,5%), татарлар – 2,3%-ын (2,4%), өзбектер – 0,6%-ын (0,3%), басқалары - 6,6%-ын (6,9%) құрады.
Қаңтар-мамырда республикаға барлығы 4 780 адам келді (жылына 5 359 адам), оның ішінде ТМД-нан - 3 948 адам (4 143 адам) және басқа елдерден - 832 адам (1 216 адам). Қазақстанға келгендер арасында қазақтар көш бастап тұр – 56,9% (бұрын 54,7%), орыстар – 20% (22,4%), украиндар – 2,3% (2,7%), өзбектер – 2,4% (2,4%), татарлар – 1,2% (1,3%), немістер – 1,5% (1,1%), басқалары – 15,7% (15,4%).
Осылайша, жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша көші-қон сальдосы теріс болды - минус 10 644 адам (бір жыл бұрын - минус 7 515 адам).
2019 жылдың қаңтар-мамыр айларында 2018 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда Қазақстанға келушілер саны 10,8%-ға азайды, ал кетушілер саны 19,8%-ға өсті. Елдің негізгі көші-қон алмасуы ТМД елдерімен жүріп жатыр. ТМД елдерінен келгендердің үлесі және осы елдерге кеткендердің үлесі тиісінше 82,6% және 89,5%-ды құрады.
2019 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 18,49 млн адамды құрайды. Республика бойынша қаңтар-мамырда 161 333 адам дүниеге келді, 56552 адам қайтыс болды, табиғи өсім 104 781 адамды құрады. Жыл басынан бері 48 189 неке және 24 003 ажырасу тіркелді, яғни 1 000 адамға некелер саны 2018 жылғы қаңтар-мамырда 6,19-мен салыстырғанда 6,29-ға дейін өсті және ажырасу саны 1 000 тұрғынға 3,13-ке дейін асты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024