Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

17 қазақстандық банкке 69,8 млн теңге айыппұл салынды

17 қазақстандық банкке 69,8 млн теңге айыппұл салынды

Алматы. 22 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылдың қорытындысы бойынша 17 қазақстандық банкке 69,8 млн теңге айыппұл салынды.

Ұлттық Банктің мәліметтері бойынша, өткен жылы 167 шектеулі ықпал ету шаралары мен 108 әкімшілік айыппұл қолданылды.

2018 жылы қабылданған  шаралар санының 2016 және 2017 жылдармен салыстырғанда  тиісінше 2,9 және 2,4  есе өсуі  байқалады.

Ақпаратқа сәйкес, негізінен қаржы институттары заңнамамен және реттеуішпен белгіленген келесі тәртіптерді сақтамайды: банктік қарыздарға және шоттарға қызмет көрсету, кепілге салынған мүлікті (ипотеканы) соттан тыс тәртіпте сату тәртібін сақтамау, клиенттің банктік шотына заңсыз тыйым салу, клиенттің банктік шотынан ақшаны негізсіз өндіріп алу, салымшылардың жинақ шоттарынан ақшаны алу бойынша санкцияланбаған операциялар, банк клиентінің ағымдағы шотынан үшінші тұлғаның банктік шотына ақшаны негізсіз аудару., клиенттің төлем карточкасын негізсіз бұғаттау және басқалар.

47 шектеулі шара мен санкциялар Астана Банкіне, 36 Forte Bank-ке және 27 Ресей Жинақ банкіне қолданылған.

Әкімшілік айыппұл сомасы бойынша Астана Банкіне 31 млн теңгеден астам, Qazaq Banki-не 13,3 млн теңге, Эксимбанкке 9,6 млн теңге, ForteBank-ке  3,37 млн теңге және АТФ банкке 2,52 млн теңге айыппұл салынды.

Похожие материалы