Алматы. 14 мамыр. 7kun.kz – 1 сәуірдан бастап 169 770 отбасыға жалпы құны 25,3 млрд теңге болатын жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек төленді. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.
Атаулы әлеуметтік көмекке ағымдағы жылдың 1 сәуірінен 13 мамырына дейін «Е-халық» жүйесі арқылы барлығы 230 032 өтініш (1 242 954 адам) қабылданды, оның ішінде 181 652-сі (973 624 адам) жаңа өтініш.
Сондай-ақ, 48 380 отбасыға (269 330 адам) бұрын тағайындалған сомаларға қайта есептеу жүргізілді.
Өтініш берушілердің басым бөлігі келесі өңірлерде байқалады: Түркістан облысында – 54 723 отбасы, Шымкент қаласында – 31 084 отбасы, Алматы және Жамбыл облыстарында, тиісінше 24 443 және 24 029 отбасы.
Айта кетейік, 2019 жылы атаулы әлеуметтік көмекке барлығы 130 млрд теңгеден астам қаражат көзделген.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024