Экономика
18 қазанға арналған металл және мұнай бағамына шолу
Алматы. 18 қазан. 7kun.kz - Он сегізінші қазанға арналған металл және мұнай бағамдарының бағалары анықталды
Мұнай: Эталонды маркалы мұнай бағасы төмендеді. Бұл туралы investing.com хабарлады. Cолтүстік теңіз Brent қоспа мұнайының желтоқсан фьючерстерінің құны 23:18-де 1,42%-ға арзандап, баррелі 80,28 долларды құрады.WTI мұнайының фьючерстері бұл уақытта 2,41%-ға арзандап, баррелі 70,17 доллар болды.
Металл: Алтын бағасы аздап өзгерді. 23:06-да, COMEX-да Нью-Йорк тауар биржасының бөлімшесінде желтоқсандағы алтын фьючерстері 3,20 долларға (0,26%) арзандап, бір троялық унциясы 1 227,80 долларға сатылды. Күміс фьючерсінің құны 0,14%-ға көтеріліп, бір троя унциясы 14,6 долларға сатылды.
Криптондық валюталар: Coinmarketcap.com порталының мәліметтері бойынша 22:53-те bitcoin 6 554, 63 долларға сатылды. Соңғы 24 сағатта бірінші криптондық валюта 0,46%-ға арзандап, оның капитализациясы 113,5 млрд долларды құрады. Осы уақытта Ethereum 0,77%-ға арзандап, 207,97 долларға бағаланды. Бұл криптондық валютаның капитализациясы 21,3 млрд долларды құрады. Әлемдік нарықтың капитализациясы 211,2 млрд долларды құрады.