Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев Қытай Халық Республикасының Президенті Си Цзиньпинге Тяньцзинь қаласында болған жойқын жарылысқа байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады деп жазады ҚР Президентінің ресми сайты.
"Тосыннан келген апат бәріміздің де қабырғамызды қайыстырды. Сізге және отандастарыңызға өзімнің және бүкіл қазақстандықтардың атынан қайғырып көңіл айтамын. Бұл бәріміз үшін де ауыр қайғы. Жарылыстан жараланғандардың тез арада сауығып, қатарға қосылып кетулеріне шын көңілден тілектеспін!" - делінген жеделхатта. Еске сала кетейік, кеше Қытайдың ТяньЦзинь қаласындағы химиялық қоспалар сақталған қоймада жойқын жарылыс орын алып, салдарынан 46 адам қаза болып, 400-ден аса адам жараланған болатын.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024