Алматы. 16 тамыз. 7kun.kz – Қазақстандық банктердің депозиттік портфельдерінің жартысынан көбі жекелеген салымдардан тұрады. Қазақстандықтар жекелеген салымдарының жартысын теңгеде ұстайтын болып шықты, деп хабарлайды ranking.kz.
Белгілі болғандай, екінші деңгейлі банктердің жекелеген салымдары соңғы жыл ішінде 7,5%-ға (593,6 млрд теңге) өсіп, 2018 жылдың соңына 8,5 трлн теңгені құраған. Жалпы салым сомасы небәрі 0,3%-ға (58 млрд) өсіп, 16,9 трлн теңге болған.
Нәтижесінде жекелеген салымдардың үлесі бір жылда 46,9%-дан 50,2%-ға дейін өскен. Осылайша жеке тұлғалардың депозиттері екінші деңгейлі банктердің қорландырудың негізгі көзі болып қала береді.
Қазақстан Республикасының 32 банкінің 19-ы жеке тұлғалардың салымдарының мөлшерін ұлғайтқан. Kaspi Bank-тың салымдары 956,6 млрд теңгені құрап, 163,7 млрд теңге (20,6%) көлеміндегі өсіммен көш бастап келеді. Екінші деңгейлі банктердің үлесі 10,1%-дан 11,3%-ға өскен. Келесі кезекте Qazkom банкі тұр. Ондағы салым мөлшері 1,4 трлн теңгеге жетіп, 126,5 млрд (9,8%) қосқан. ҚР екінші деңгейлі банктерінің үлесі 16,4%-дан 16,8%-ға көтерілген. Үздіктер үштігін Халық банк түйіндейді. Ондағы салым сөлшері 109,3 млрд теңгеге өсіп, 1,7 трлн теңгені құраған. ҚР екінші деңгейлі банктерінің үлесі 20,8%-дан 20,6%-ға қысқарған.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024