2 маусым - Қазақстанның туристік саласы үшін қатерлі күн деп есептейді "Фирма Саят" ЖШС бас директоры Инна Рей. Оның айтуынша, әр жыл сайын дәл осы күні отандық туризм нарығында бір жайсыз оқиға болады.
"Міне, қатарынан үшінші жыл қатерлі 2 маусым күні келеді, бұдан аттап өту мүмкін емес. Осы оқиғалардың барлығы 2 маусым күні болады. 2013 жылдың 2 маусым күні Sky airlines әуе компаниясы және түріктің Qualitum Tour туроператоры жабылып қалды. Біз бармағымызды тістеп, чартерлік рейстер туралы заңды қабылдадық. Себебі бұл шетелдік жеке тасымалдаушы болғандығына байланысты проблема болды. 2014 жылдың 2 маусымы - біздің өзіміздің қазақстандық "Gulnar tour" операторы банкрот атанады, оларда қаржылай проблемалар бар болып шықты да бұл проблемалар барлық нарыққа тарады. Себебі ешқандй бөлініп қойылған жауапкершілік болған емес. Біз турагенттер мен туроператорлар арасында жауапкершілікті бөлу туралы заңды қабылдадық. 2015 жылдың 2 маусымы келді - Travelsystem өз жұмысын тоқтатты. Енді қаржылай кепілдіктер туралы мәселе туындап отыр", - деді И.Рей. Қазақстандық турфирма басшысының пікірінше, туристік компанияға қызметін жүзеге асыруға лицензия беретін мемлекеттік орган олардың қызметі үшін жауапкершілік тартуы тиіс. Айта кетелік, 3 мамыр күні түнгі 2-3 аралығында Travelsystem компаниясының ресми сайтында қызметтің тоқтатылуы туралы хабарлама пайда болды. Travelsystem директорын ІІД және Бас прокуратура іздеп жатыр. Бұған дейін жазғанымыздай, Travelsystem әрекеттері 8 млн доллар сомасына залал келтірген және агенттік 2 мың бос жолдама сатып үлгерген екен. Осы компанияға қатысты жағдайды шешу үшін арнайы оперативтік штаб құрылды.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024