Алматы. 28 қараша. 7kun.kz — Қазақстанда соңғы төрт жылда көлік инфрақұрылымын дамытуға 2 трлн теңгеден астам қаржы бағытталды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Стратегиялық жоспарына сәйкес 2015-2019 жылдары осы мақсаттарға 2,4 трлн теңге жұмсалды. 2015 жылы көлік инфрақұрылымын дамыту 435,4 млрд теңгені, 2016 жылы – 475,3 млрд теңгені, 2017 жылы – 569,4 млрд теңгені, 2018 жылы – 434,2 млрд теңгені, 2019 жылы – 492,4 млрд теңгені құрады.
"Мысалы, республикалық деңгейде автомобиль жолдарын дамытуға 2015 жылы 303,8 млрд теңге, 2016 жылы – 327 млрд теңге, 2017 жылы – 266,3 млрд теңге, 2018 жылы – 173,8 млрд теңге, 2019 жылы – 170,3 млрд теңге бағытталды", – делінген ведомство құжатында.
Сондай-ақ, аталған кезеңде автожолдардың сапасын жақсартуға және жөндеуге 845,5 млрд теңге бөлінді. Азаматтық авиация мен әуе көлігін дамыту 2015 жылы 2,6 млрд теңгеге, 2016 жылы – 3,5 млрд теңгеге, 2017 жылы – 5 млрд теңгеге, 2018 жылы – 8,4 млрд теңгеге, 2019 жылы-2,5 млрд теңгеге жетті.
Министрліктің құжатында 2016-2018 жылдары бюджеттен бөлінген нысаналы трансферттер есебінен 473,6 шақырым қайта жаңғыртылып, 1873,2 шақырымы жөнделгені атап өтілген. Сонымен қатар, ведомствода осы жұмыстардың есебінен елімізде жергілікті желінің жағдайы 2%-ға жақсарғанын мәлімдеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024