20 банк кірістер комитетіне салық мәселелері бойынша ақпаратты ұсынатын болады
ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (МКК) 20 екінші деңгейлі банкпен (ЕДБ) салық мәселелері бойынша мағлұматты автоматты түрде ұсыну жөніндегі келісімге келді.
"Қазіргі кезде мағлұматтарды автоматты ұсынуға 11 ЕДБ қосулы және қосымша 9 ЕДБ-мен келісім жасалынды, олар ақпарат жүйелеріне өзгертулерді енгізуге қатысты жұмыстарды жүргізуде", - деп жауап қатты комитет ҚазТАГ агенттігі жолдаған сауалға.
Мекемедегілер ақпаратпен осылайша автоматты алмасу қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілгендігін айтады.
"Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, атап айтқанда, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" ҚР кодексінің 581 бабының 12 тармағына сәйкес жеке банк операцияларының түрлерін жүзеге асыратын банктер мен ұйымдар салық органының сұрау салуын алғаннан кейінгі он жұмыс күні ішінде банк шоттарының бар екендігі және олардың нөмірлері туралы, қалдықтар және осы шоттардағы ақша қозғалысы туралы мағлұматты ұсынуға міндетті екендігі бекітілген", - деп түсіндіреді МКК.
Сонымен қатар, салық органдары, мағлұматтарды ұсынуға қатысты қызметтің жеке түрлерін жүзеге асыратын ЕДБ және ұйымдар арасындағы тиімді өзара әрекеттестікті жоғарылату мақсатында ҚР Ұлттық банкінің қолдауымен көрсетілген мағлұматтарды электронды форматта алу үшін ақпарат жүйелерінің интеграциясы енгізіліп отыр, бұл жүйе ҚР заңнамасының ескерілуімен әзірленген.
"2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Салық кодексінің 581 бабына салық органдарының сұрау салулары бойынша ЕДБ-нің мағлұматтарды ақпараттық-коммуникациялық желілер арқылы ұсынуға қатысты өзгертулер енгізілгендігін атап өтеміз", - делінеді МКК хабарламасында.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024