Астана. 3 мамыр. 7kun.kz - Жылжымайтын мүлік бойынша алаяқтық жасаған әйел 19 жыл өткеннен кейін Астанада ұсталды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.
Астана қалалық прокуратурасы хабарлағандай, 1998 жылы алаяқ әйел танысына тиесілі үш бөлмелі пәтердің құжатын қолдан жасап, үшінші тұлғаға сатып жіберген.
Осылайша, ол жәбірленушіге аса ірі көлемде материалдық залал келтіріп, ауыр қылмыс жасаған. Дәл сол жылы алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа жіберілген. Алайда, күдіктінің ізін суытуына байланысты, үкім шығарылмай қалған.
Оның қайтыс болғаны туралы жалған куәлік құзіретті органдардың жұмыс жасауына уақытша кедергі келтіреді. Соның салдарынан оған тек 2006 жылы ғана іздеу салынған.
Ол 2017 жылдың наурыз айында ұсталып, уақытша№12 тергеу оқшаулағышына қамалды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024