Экономика
2014 жылы қазақстандықтар тапқан ақшаларының 56 млрд теңгесін банктерге берген
Өткен жылы коммерциялық банктердің таза табысы 280 млрд теңге болды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 10% артық деген мәліметтерді келтіреді yvisison.kz блогтұғырнамасында жарияланған зерттеуінде Бота Жұманова.
2013 жылы банкирлер 261 млрд теңге ақша тапқан (2012 жылмен салыстырғанда өсім 17%).
2013 жылы банк секторының барлық табысының 90% жектеші он банкке тиесілі. 2014 жылғы пропорциялар да қатты өзгеріске ұшырамады дейді блогер.
2014 жылдың қорытындысы бойынша тұтынушылық несиелендіру барлық несиелік қоржынның 20% артығын қамтыды. Дәл осы жекелей несие беру коммерциялық банктер үшін ең пайдалы әрі бүгінгі таңдағы іс жүзінде жалғыз пайда көзі деп түсінік беріледі жазбада.
Жалпы табыстағы үлестері ең үлкен банктердің үштігі: Халық банк - 32,5%, Казкоммерцбанк - 17,4% және kaspi bank - 12,5%.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024