Экономика
2014 жылы Қазинвестбанк активтері 3%-ға қысқарды
2014 жылы қазақстандық коммерциялық Қазинвестбанк активтері 3%-ға қысқарып, 90,111 млрд теңгені қамтыды делінген Халықарылық қаржылық есептілік стандарты (ХҚСЕ) бойынша жасалынған банктің жиынтықталған есептілігінде.
Есептік кезеңде банктің міндеттемелері 3,8%-ға, 79,017 млрд теңгеге дейін қысқарды. Меншікті капитал өзгермеді - 13,793 млрд теңге.
2014 жылы Қазинвестбанктің таза пайдасы 2013 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, 398,221 млн теңгеге дейін өсті. Салық салынғанға дейінгі пайда 18,9%-ға, 683,920 млн теңгеге дейін жоғарылады.
Қазинвестбанк 2015 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша активтерінің көлемі бойынша қазақстандық 38 банктің арасында 24-ші орынға тұрақтады.