2014 жылы моноқалалардағы жұмыссыздық деңгейі 4,7% болды. 2011 жылмен салыстырғанда, табыстары ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен болған тұрғындардың үлесі 25 қалада төмендеген. Бұл тізімге ілікпеген қалалар Жанатас пен Кентау деп хабарлайды Қазақстан премьер-министрінің баспасөз қызметі.
Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың төрағалығымен өткен кеңесте сөз сөйлегенде ұлттық экономика министрі Ерболат Досаев 2011-2014 жылдар аралығында моноқалалардағы белсенді әрекет етуші кәсіпорындардың саны 20%-ға, 29,5 мың бірлікке дейін артқаны туралы айтты. Сонымен қатар өткен жылы моноқалаларда 16 зәкірлік жоба іске қосылған, олардың 10-ы 50%-дан 100%-ға дейін өндірістік қуаттарын арттырып, жұмыс істеуде. Осы кәсіпорындардың арқасында 2,7 мың адам жұмыспен қамтылған. Осы жылдың соңына дейін Степногорск, Текелі, Құлсары, Балқаш, Сәтпаев, Саран, Еібастұз, Ақсу, Риддер және Зырян қалаларында 14 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. "2013-2014 жылдары моноқалардың ШОБ-ын (шағын және орта бизнес - 7kun.kz) дамытуға 7,2 млрд теңге бөлінген, 1380 микронесие мен 283 грант беріліп, 346 жобаның қаражаттандырылуы мақұлданды, 12 моноқалада кәсіпкерліктің 22 нысаны үшін инфрақұрылым қамтамасыз етілген", - деп мәлімдеді Е.Досаев. Сондай-ақ өткен екі жыл ішінде инженерлік инфрақұрылымды дамытуға 123 жобаны іске асыру үшін 21,4 млрд теңге бөлініпті, моноқалаларды жайластыру үшін 19,4 млрд теңге бағытталған. "Осы жылы моноқалаларды дамыту жөніндегі іс-шараларды іске асыру үшін 16,6 млрд теңге қарастырылған, оның ішінде ШОБ-ты дамытуға бағытталатыны - 3,3 млрд теңге", - деді ол. Бұған қоса, министр ШОБ-ты дамыту үшін ұсынылатын мүмкіндіктер туралы халыққа ақпарат беру жұмысы жеткілікті дәрежеде орындалмай жатқанын атап өтті. Сонымен қатар Е.Досаев 2015 жылдың қаңтар айынан моноқалаларды дамыту бағдарламасы жабылып, бұл бағдарламаның жобалары жеке бөлімдер болып 2020 жылға дейінгі аймақтарды дамыту бағдарламасына енгізілгенін еске түсірді. Бұл ретте моноқалалардың ШОБ-ын қолдаудың мемлекеттік шаралары "Бизнестің жол картасы-2020" бизнесті дамыту мен қолдаудың ортақ бағдарламасына біріктірілген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024