"Нұрбанк" АҚ 2014 жылды 1,78 млрд теңге көлеміндегі пайдамен аяқтады, банк үшін 2013 жыл 32,31 млрд теңге шығынмен аяқталған-тын делінген дүйсенбі күні жарияланған банктің жиынтықталған қаржылық есептілігінде.
Банк пайдасының жақсаруына резервтер бойынша шығындар мен құнсыздану шығынының бес есе - 40,99 млрд теңгеден 7,81 млрд теңгеге дейін қысқаруы ықпал етті.
Банктің таза пайыздық табысы осы уақыт ішінде 36%-ға, 16,16 млрд теңгеге дейін өсті, банктің комиссиялық табысы 10,9%-ға, 3,06 млрд теңгеге дейін жоғарылады. Өткен жылдың операциялық табысы - 21,11 млрд теңге, осылайша өсім 33,4%-ды қамтыды.
Жалпы шаруашылық шығын мен қызметкерлер құрамына жұмсалатын шығынды қоса алғандағы банктің жиынтық әкімшілік шығыны 11,24 млрд теңге болды, бұл 2013 жылғы шығыннан 26,1%-ға артық.
Есептік кезеңде банк активтерінің көлемі 20,5%-ға, 295,96 млрд теңгеге дейін өсті. Бұл ретте міндеттемелер 23,5% өсімді көрсетіп, 255,20 млрд теңгені қамтыды. Нұрбанктың меншікті капиталы 4,3%-ға, 40,75 млрд теңгеге дейін артты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024