2014 жылы ұялы байланыс операторларын қолданушылар арасында Teлe2 қызметін таңдаушылар саны 20 пайызға немесе 547 мыңға артқан. Бұл туралы дүйсенбі күнгі баспасөз-мәслихатында «Теле2 Қазақстан» компаниясының басқарма төрағасы Пиетари Кивикко мәлімдеді.
Оның айтуынша бұл компания ұсынып отырған арзан тарифке байланысты орын алып отыр. «Енді біздің тарифіміз арзан ғана емес, ең жақсысы болады», - деді ол. Сондай-ақ басқарма төрағасы өткен жылы Теле2 соңғы 3 жылмен салыстырғанда ең үздік көрсеткішке қол жеткізгендерін мәлімдеді. Тұтынушылар саны 3,03 млнға дейін жеткен, ал кіріс есебі 33,8 млрд теңгені құрайды, бұл 2013 жылмен салыстырғанда 11%-ға артық. Компания статистикасы бойынша сатып алынған телефондардың жартысына жуығы смартфондар екен. Ал мобильді түрде ақпарат тарату 100 пайызға көбейген. Сондықтан Теле 2 жаңа жылда дәл осы бағыттағы сапаны барынша арттыруға тырысатындықтарын атап өтті. «Біз барынша бағаны төмендете береміз және әрқашанда шынайы бәсекелестікті қорғаймыз», - деді компания басқарма төрағасы Пиетари Кивикко.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024