ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті жылыту маусымының қорытындысы бойынша жыл сайын сыртқы ауа температурасының өзгерілуіне байланысты жылу төлемақысына қайта есептеу жүргізеді. Бұл тұтынушылардың мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ жылу энергиясының тұтынылуын бақылауды жүзеге асыру үшін жүргізіледі.
Қайта есептеу бойынша 2015-2016 жж. жылыту кезеңі үшін халыққа қайтарылатын қаражат 2 505 775 млрд. теңгені құрады.
Қайта есептеудің негізіне 1 м2 жылытуға қажетті жылу энергиясы көлемінің сыртқы ауа температурасына тәуелділігі салынды. Температура неғұрлым жылы және (жылу ағынының есептеріне салынғаннан) аса ауытқуы болса, соғұрлым қайта есептеу сомалары жоғары.
Сонымен биылғы жылыту маусымында (2015-2016 жылдары) сияқты «жылы» қыс жағдайында тұтынушыларға ақша қайтарылады, өйткені жылу шығысы болжанғаннан (есептелгеннен) едәуір төмен болды.
Мысалы:
Жылытылатын алаңның 1 шаршы метрі үшін тұтынушыларға қайтарылатын сома 0,21 -ден 120,5 теңге/м2. дейін өзгеріледі.
Мысалы:
Қазақстанның барлық өңірлері бойынша жылу энергиясы үшін төлемақыны қайта есептеу 2016-2017 жж. жылыту кезеңінен бастап жүзеге асырылады.
Барлық тұтынушылардың есепке алу аспаптарын қолдануға көшуіне қарай ақы төлеу жылу энергиясының нақты көлеміне ғана жүргізіледі.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024