Қазақстандық мұнай өңдеуші зауыттар (МӨЗ) 2015 жылға арналған мұнай өңдеу жоспарын 700 млн тоннаға төмендетті деп хабарлады "ҚазМұнайГаз Өңдеу және Маркетинг" АҚ бас директорының орынбасары Ерлан Қойбағаров.
Оның пікірінше, жоспарды төмендетудің бір себебі - қазақстандық нарықта арзан ресейлік бензиннің болуы.
"Бүгінгі күні белгілі бір уақытқа дейін арзан өте көп ресейлік өнімнің кіру факторы бар және біз өндірісті тоқтатуға мәжбүр болдық", - деп жауап қатты ол Астанада өткен дөңгелек үстелде қойылған журналистердің сауалдарына.
Өндірістің төмендеуіне байланысты қазақстандық МӨЗ-дердің табысы төмендейді, сәйкесінше, қол жетімді қаражаттың көлемі де қысқарады.
"Ақшалай қаражаттың болуы өте үлкен фактор. Біз тартатын инвестициялық құрамдаушы бөлік, яғни ақша процессинг есебінен тартылады. Яғни бізде мұнайды өңдейтін берушілерден алынатын ақшаның есебінен. Бүгінгі таңда, алғашқы екі айдағы осы жылы өңдегіміз келген жоспарлы 15 миллион тоннадан біз бүгінгі күні жоспарымызды 14 миллион 300 мың теңге деңгейіне дейін қайта бекіттік, яғни екі ай ішінде 700 мың тонна өңделмеді. Бұл дегеніміз біз модернизацияға жұмсауға болатын ақшаны алмадық, сол себепті жағдай бұдан әрі осылай болса, бұл ақшаның модернизацияға жетер-жетпесін айту қиын. Кейінге қалдыруымыз мүмкін", - деп мәлімдеді Е.Қойбағаров.
Ақпарат көзі: kursiv.kz
Похожие материалы
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024