2015 жылғы Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 56365,2 мың долларды құрады
Қызылорда. 27 ақпан. 7kun.kz - 2015 жылғы қаңтар-желтоқсанда Қызылорда облысының ЕАЭО елдерімен өзара саудасы 56365,2 мың долларды құрады. Бұл көрсеткіш 2014 жылдың қаңтар-желтоқсанмен салыстырғанда 37,2 пайызға аз, деп хабарлады облыс статистика департаменті.
Өткен жылғы өзара сауда көлеміндегі экспорт мөлшері - 14423,1 мың доллар (2014 жылдағыдан 37,9%-ға аз) болса, импорт – 41942,1 мың АҚШ доллар (2014 жылдағыдан 37%-ға аз) болды.
Қызылорда облысының экспорты құрылымында көпшілігін минералды өнімдер (тұз - 52,8% ЕАЭО елдерінің барлық экспортының көлеміне, табиғи құмдар – 3,6%), малдан шығатын, өсімдік тектес өнімдер және дайын азық-түлік тауарлар (күріш - 40,2%, жас немесе мұздатылған балық 1,7%), пластмассадан жасалған құбырлар - 1,3 %, қара металдардың қалдықтары мен сынықтары 0,5 % құрады. Сондай-ақ, ЕАЭО елдерінен үлкен дәрежеде машиналар және жабдықтар, транспорттық құралдар және аппараттар (ЕАЭО елдерінің импорты жалпы көлеміне 40%), химиялық өнеркәсіп өнімдері (13,4%), металдар және олардан жасалған бұйымдар (13,3%), мал және, өсімдіктер өнімдері, дайын азық-түлік тауарлар (11,2%), тастан, гипстен, цементтен жасалған бұйымдар, шыны және одан жасалған бұйымдары (8%), минералды өнімдер (5,3%), ағаш материалдар және целлюлозды қағаз бұйымдары (3,2%) әкелінді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024